15.06.2007, 17:05 2807

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер әлемдік мұнай қорының 20 25%, газдың 30%, уранның 50% -іне ие - ұйым бас хатшысының орынбасары

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер әлемдік мұнай қорының 20 - 25%, газдың 30%, уранның 50% -іне ие. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының екінші форумының ашылуында ұйым бас хатшысының орынбасары Владимир Захаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз белгілі бір талдаудан кейін мынадай сандарды алдық: Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер әлемдік мұнай қорының 20 - 25%, газдың 30%, уранның 50% -іне иелік етеді", - деп мәлімдеді В. Захаров. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштер "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің тек экономикалық даму тұрғысынан ауқаттылығын ғана емес, сонымен бірге басқа мемлекттермен ынтымақтастық тұрғысынан да тартымды елдерге айналғанын паш ететіндей" ахуалдың пайда болуына ықпалын тигізеді.

Оның хабарлауынша, қазіргі таңда "көп жақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама мен оны жүзеге асыру жоспары қабылданған, оның аясында энергетика, транспорт, саауда , телекоммуникациялар, ауылшаруашылығы және басқа да салаларды қамтитын 127 жоба анықталған". "Таяуадағы 20 жылда тауар, капитал, технологиялар мен қызметтерді еркін алмасу туралы ұсыныстар жасалды. Инфрақұрылымдық, транспорттық, кедендік және басқа да процедураларды келісу процессі жүргізілуде. Оларды шешпейінше, ШЫҰ-ның экономикалық механизмі дұрыс жұмыс істей алмайды", - деді В. Захаров.

Бұған қоса ұйым бас хатшысының орынбасары ШЫҰ-ның энергетикалық клубын құру мен Азиядағы энергетикалық стратегияның жобасын жасау идеялары жүзеге асып жатқанын еске салды. " ШЫҰ-ның энергетикалық клубын құру мәселесі ұйымға мүше елдердің отын-энергетикалық кешен мәселелері бойынша жауап беретін министрліктері жетекшілерінің бірінші кездесуінің күн тәртібі жобасына енгізілген. Бұл кездесу осы жылдың маусым айының аяғында өтеді", - деді ол .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны