02.07.2007, 16:11 2703

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері мен Сыртқы істер министрлерінің кездесуі Бішкекте өтеді

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Бішкекте 9 шілдеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Сыртқы істер министрлері ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары саммитіне (2007-жылғы 16 тамызда Бішкекке өтетін ) дайындық мәселелерін қарайды. Саммитте Мемлекет басшылары қол қоятын құжаттардың жобаларын, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерді және ШЫҰ аумағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды". Отырыс нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылады деп күтілуде, деді елші.

Сондай-ақ, осы кездесу қарсаңында 5-7 шілдеде Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтеді.

Кездесу барысында Бішкек қаласында өтетін ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындық мәселелері және аталған кездесу барысында қол қойылуға ұсынылатын құжаттарды келісу, сонымен қатар ШЫҰ шеңберіндегі өзге де мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны