06.07.2007, 17:05 2938

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Қырғызстанның ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитіне дайындығын жоғары бағалады

БІШКЕК. 6-шілде. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Болат Нұрғалиев Қырғызстанның ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитіне дайындығын жоғары бағалады. Бұл туралы Б.Нұрғалиев бүгін Қырғызстан үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевпен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы елдің үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бішкекте өтетін саммитіне дайындық барысында шараның мазмұны мен ұйымдастырылуы тұрғысынан күрделі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын біз көріп отырмыз", -деді бас хатшы. "Біздің бұл бағыттағы бірлескен күш жігеріміз жемісін беруде", - деді Б. Нұрғалиев.

Өз кезегінде Қырғызстан үкімет басшысы А. Атамбаев республиканың " Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберіндегі ынтымақтастыққа айрықша маңыз беретінін" атап өтті. "Ағымдағы жылдың 16-тамызында Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитін бүкіл еліміз болып үлкен жауапкершілікпен күтіп отыр, біз осынау маңызды жиынды лайықты ұйымдастырып өткізуге қамданып жатырмыз", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны