24.12.2009, 16:48 3009

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бұған дейінгі бас хатшысы Болат Нұрғалиевтің өкілеттілігі аяқталды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бұған дейінгі бас хатшысы Болат Нұрғалиевтің өкілеттілігі аяқталды

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бұған дейінгі бас хатшысы Болат Нұрғалиевтің өкілеттілігі аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ұйым хатшылығының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығында ұйымның бұған дейінгі бас хатшысы Болат Нұрғалиев пен оның орынбасарлары Гао Юйшэн мен Владимир Захаровтың өкілеттілігі аяқталуына байланысты қабыладу болып өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Мұратбек Иманалиев Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды.

М. Иманалиевтің кандидатурасын Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше барлық мемлекеттердің ресми өкілдері мақұлдады.

Жаңадан тағайындалған бас хатшы 2010 жылдың қаңтарында өз міндетін атқаруға кіріседі.

М. Иманалиев 1956 жылдың 25 ақпанында Фрунзе қаласында туған. 1978 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын бітірген, тарихшы-шығыстанушы, қытай тілінің референт-тәржімашысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны