19.03.2007, 13:44 2970

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өкілдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарын талқылайды

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. 19-23-наурыз аралығында Пекин қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшыларының мәжілісі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарының жобасын, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің аталмыш жоспарды бекіту жөніндегі шешімінің жобасын, сондай-ақ, ШЫҰ аясындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылау көзделген",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны