16.10.2009, 15:59 3207

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылымының төрағасы болып Қазақстанның ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары сайланды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылымының төрағасы болып Қазақстанның ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары сайланды

Ташкент. 16 қазан. Kazakhstan Today - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылымының бас төрағасы болып бүгін Қазақстанның ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Иділ Шаяхметов сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылымы кеңесінің 15-ші отырысына қатысушылар құрылымның атқару комитеті директорының лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндамасын тыңдады.

Сондай-ақ, ұйымға мүше елдердің арнаулы органдары арасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін қорғау проблемалары талқыланды.

Кездесуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылымы кеңесінің кезекті 16-шы отырысын 2010 жылғы сәуірде Ташкентте өткізу ұйғарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны