16.04.2008, 14:55 2765

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының сарапшылары мамырда ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселесін талқылайды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының сарапшылары мамырда ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселесін талқылайды

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының алдағы мамырда Пекинде өтетін сарапшылар форумында ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселесін талқылайды, деп мәлімдеді кеше Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Болат Нұрғалиев Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінде ұйымдастырылған Мәскеу-Пекин телекөпірі кезінде, деп хабарлайды агенттік Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Пекинде өтетін форумында алты мемлекеттің зерттеу орталықтарының өкілдері ұйымның аясын кеңейту мәселесін талқылайды. Сарапшылар мен саясаттанушылардың нұсқаулары біздің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына жаңа мүшелерді қабылдауға қатысты принциптік көзқарастымызды айқындауда құнды болмақ", - деді Б. Нұрғалиев.

Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясын кеңейту мәселесіне қатысты шешім "ұйымға қатысушы елдердің принциптік саяси шешіміне байланысты болмақ".

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толық құқылы мүшелікке өтуге біңрнеше мемлекет ниет білдірді. Бұл ұйымның қажеттігін паш ететін оң көрсеткіш, ал оның аясындағы ынтымақтастықтың тиімділігі жоғары және ол пайда әкеледі", -деді бас хатшы.

Сонымен бірге ол ұйымға мүше елдердің аарсында мүшелердің санын ұлғайту мәселесі бойынша "пікір қайшылықтары бар" екенін мойындады.

Б. Нұрғалиев ШЫҰ-ның жарғысында осы ұйымға мүшелікке өтуге қатысты сұранымды қабылдауға қатысты нақты мерзім атап көрсетілмеген.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына тұрақты мүше болуға Иран мен Пәкістан ниет білдірген. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан енеді.

Ұйымның жанындағы бақылаушы мәртебесі бар елдер - Пәкістан, Иран, Үндістан мен Монғолия.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны