11.09.2006, 17:50 3428

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшылары деңгейіндегі саммиті 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшылары кеңесінің отырысы 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тараптар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығына қатысты қазіргі ахуал мен оны дамыту перспективасын, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылайды",- деді ол.

Сондай-ақ, кеңес барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іс-қызметінің ұйымдастырушылық және қаржылық тұстарын реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылады. Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшылары бірлескен қарар қабылдамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны