05.12.2007, 17:52 3324

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы біріккен іс-әрекет жоспарына қол қояды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы біріккен іс-әрекет жоспарына қол қояды

Пекин. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшылары 2008 жылдың басында Пекиндегі кездесу кезінде екі ұйымның жақын уақыттағы біріккен іс-әрекет жоспарына қол қояды. Бұл туралы шешім Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысының орынбасары Гао Юйшэн мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның жүргізген келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алдымызда қазанда қол қойылған ұйымның өзара түсіністігі туралы меморандумды жүзеге асырудың екінші кезеңі күтіп тұр. Ол Жаңа жылдан кейін Пекинде жүргізілетін болады. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшыларының кездесіп, тиісті келісімнен кейін іс-шара жоспарына қол қояды және де оларды жүзеге асыруға кіріседі",- деді Н. Бордюжа келіссөздердің аяқталуына орай жүргізілген баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, іс-шаралар жоспарына қол қою алдында екі ұйымның басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сыртқы саясат іс-қызметініңдегі ұстанымды, екі ұйымның іс-әрекетінде қайталануды болдырмауды келіседі, сонымен қатар біріккен ынтымақтастық туралы басқа да мәселелерді анықтайды.

Гао Юйшэн өз кезегінде: "Бүгін біздің ынтымақтастығымыздың бағыттары мен салаларын келешекте дамытуға, ынтымақтастық туралы басқа да хаттамаларға қол қоюға мүмкіндік беретін консультацияның бірінші кезеңі аяқталды", деді. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен ынтымақтастық жасауға үлкен көңіл аударып отыр, себебі екі ұйымның біріккен іс-қызметі аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке жетелейді. "Менің пайымдауымша, біз аймақтағы қауіпсіздік үшін өзіміздің әлеуеттілігімізді бірлесе отырып дамыта аламыз",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны