24.10.2007, 18:07 2996

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арасындағы тауар айнылымы айтарлықтай өсуде - Оразбақов

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арасындағы тауар айнылымы айтарлықтай өсуде - Оразбақов

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесі барысында ұйымға мүше елдердің арасындағы тауар айнылымы айтарлықтай өскендігі атап өтілді. Атап айтқанда, "Қазақстанда үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 18 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 52 пайызға артық (қаңтар - тамыз - 11,8 млрд АҚШ доллары)". Бұл туралы Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көп жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. "Барлық тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру мүмкіндігі мен қажеттілігін атап өтті",- деді Ғ. Оразбақов.

"Біздің отырыс Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің Ташкентте 2-қарашада өтетін отырысы қарсаңында өтті",- деп қорытындылады Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны