02.08.2011, 18:22 3262

Шығыс Қазақстан облысы Кореяның Кангвон провинциясымен жаңа технологиялар мен инвестиция салалары бойынша ынтымақтасу жөнінде уағдаласты

Облыс әкімінің ресми сайтында хабарланғандай, шілденің 25-29 аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Кангвон провинциясында ресми сапармен болып қайтқан. Делегацияны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков басқарған.

Өскемен. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысы Корея Республикасының Кангвон провинциясымен туризм, жаңа технологиялар және инвестиция салалары бойынша ынтымақтасу жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімінің ресми сайтында хабарланғандай, шілденің 25-29 аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Кангвон провинциясында ресми сапармен болып қайтқан. Делегацияны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков басқарған.

"Сапар аясында 2011 жылы 25 шілдеде Корея Республикасының Кангвон провинциясы мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында өзара түсіністік, достық және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны