30.06.2009, 15:21 6708

Шимон Перес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Израильге сапармен келуге шақырды

Шимон Перес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Израильге сапармен келуге шақырды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Израиль президенті Шимон Перес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Израильге үшінші мәрте сапармен келуге шақырды. Бұл туралы ол бүгін Ақордада мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, егер бізге үшінші рет сапармен келетін болса Израиль Мемлекеті Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алуға өте қуанышты болатынын айтқым келеді", деді Ш. Перес.

Ш. Перес алдағы уақытта Израиль мен Қазақстан арасындағы жақындасу жалғаса беретініне сенім білдірді. "Мен біздің елдер арасындағы жақындасу жалғасатынына және біздің елдеріміздің нығаюына ықпал ететін іс жүзінде үлесімізді қосатынымызға үміттімін", деді ол.

"Қазақстанда ешқашан да антисемитизм болған жоқ. Біз Қазақстанмен достығымызды жоғары бағалаймыз", деп толықтырды сөзін Израиль президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны