06.06.2012, 17:25 2747

ШЫҰ аясында Орталық Азиядағы азық-түлік пен су ресурстарының тапшылығынан болатын ықтимал проблемалардан сақтандыра алатын қадамдар қарастыру өзекті мәселе болып табылады

Біз ШЫҰ шеңберінде "су-азық-түлік" бастамасын алға жылжытуды көздейміз. Өйткені, біздің өңірдегі мемлекеттердің барлығы, әсіресе Орталық Азия өңірі сөзсіз су жетіспеушілігі және азық-түлік тапшылығына байланысты мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Исіресе бұл азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты болып табылады.

Пекин. 6-маусым. Kazakhstan Today - ШЫҰ аясында Орталық Азиядағы азық-түлік пен су ресурстарының тапшылығынан болатын ықтимал проблемалардан сақтандыра алатын қадамдар қарастыру өзекті мәселе болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз ШЫҰ шеңберінде "су-азық-түлік" бастамасын алға жылжытуды көздейміз. Өйткені, біздің өңірдегі мемлекеттердің барлығы, әсіресе Орталық Азия өңірі сөзсіз су жетіспеушілігі және азық-түлік тапшылығына байланысты мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Исіресе бұл азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты болып табылады. Бұның өзі белгілі бір деңгейде Орталық Азия жұртшылығына әсер етуде. Осы тұрғыдан алғанда, менің ойымша перспективадағы қауіпсіздік үшін қадам жасау әрқашан пайдалы. Сол үшін ШЫҰ тетігі шеңберінде біздің мемлекеттерімізді азық-түлік пен су ресурстарының тапшылығынан болатын ықтимал проблемалардан сақтандыра алатын қадамдар қарастыруға шақырамыз. Біздің бұндай бастамамыз айтарлықтай ауқымды. Өйткені, өздеріңізге белгілі Қазақстан өзен ағысының төменгі тұсында орналасқан мемлекет және біздің елімізге су көздерінің басым бөлігі шет елдерден асып келеді. Сондықтан да, біз су ресурстарына ұқыптылықпен қарауымыз керек", - деді ҚР СІМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны