20.05.2008, 13:58 2399

ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді - Мәми

ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді - Мәми

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесінің жұмыс регламентіне қол қойдық, онда осы кеңестің мәртебесін айқындадық. Бұдан былай, регламент бекітілген соң ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесі осы органның консультативтік-кеңес механизмі болмақ", - деді Қ. Мәми.

"Регламент ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесін өткізу тәртібі мен процедурасын айқындайды", - деді Қ. Мәми.

Оның айтуынша, шараға қатысушылар бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес тараптар соттардың экологиялық және көші-қон заңнамаларын қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті. "Бұл аса маңызды, өйткені, бүгінде ол тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық ШЫҰ елдері үшін өзекті", -деді төраға.

"Астанадағы кездесу жоғары деңгейде өткізілді, үшінші кеңеске қатысушылардың арасында конструктивті пікір алмасылды", - деді Қ. Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны