17.04.2007, 12:28 2648

ШЫҰ елдерінің Жоғарғы соттары есірткі қылмысына қатысты сот тәжірибесімен алмасатын болды

АСТАНА.17 сәуір. Kazakhstan Today. Санкт-Петербургте өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мүше- елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының 2-ші мәжілісінде есірткі қылмысына қатысты сот тәжірибесімен алмасып, бір-біріне ақпарат жіберетіндей келісімге келді. Бұл туралы ҚР ЖС баспасөз қызметі хабарлады.

"Мәжіліске қатысушылар экстремизге қатысты істе күштерді біріктірудің маңыздылығына тоқталды",-деп атап көрсетілген ҚР ЖС таратқан баспасөз хабарламасында.

"Бұл мәселелерді ШЫҰ хартиясының аясында, тероризм, сепаратизм, экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясының және өзге де ратификацияланған халықаралық құжаттардың, немесе тіпті кей кезде өзара қолайлы жағдайлар негізінде шешу қажет",-деп көрсетілген хабарламада.

"Мәжіліске қатысушылар бұдан былай да ШЫҰ мүше- елдерінің жоғары сот органдары арасындағы қарым қатынастарын жоғарғы деңгейде жалғастыра беретіндіктеріне үміт білдірді. Сонымен қатар ортақ мүддеге сай тәжірибемен алмасу, сот органы қызметкерлерінің бір-бірімен танысып, байланыстарын даму, кәсіби деңгейлерін көтеру үшін бір-біріне келу сияқты да мәселелер назардан тыс қалмады.

ҚР ЖС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Санкт-Петербургте өткен мәжіліс барасында тараптар сот үкімін әділ шешу мәселелері мен алдағы ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады. Жоғарғы сот органдарының жетекшілері соттардың жалпы қабылданған принциптер мен халықаралық құқық пен халықаралық конвенцияларды келісілген халықаралық келісімдер негізіндегі тәжірибе мәселелерінде ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Сонымен қатар бұл құқықтық көмек келісімдеріне де қатысты болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны