11.06.2010, 17:05 4384

ШЫҰ Есірткіге қарсы стратегиясын қабылдау есірткінің заңсыз айналымымен күресуге ықпал етеді

"ШЫҰ-ның 2011-2016 жылдарға арналған Антитеррорлық стратегия қабылдау есірткінің заңсыз айналымымен күреске бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді",- деді Н. Назарбаев.

Алматы. 11-маусым. Kazakhstan Today - ШЫҰ-ның 2011-2016 жылдарға арналған Антитеррорлық стратегия қабылдау есірткінің заңсыз айналымымен күреске бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Ташкентте ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесінде ҚР президенті Н.Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"ШЫҰ-ның 2011-2016 жылдарға арналған Антитеррорлық стратегия қабылдау есірткінің заңсыз айналымымен күреске бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді",- деді Н. Назарбаев.

"Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі өңірлік құрылымдардың төңірегінде топтауды ұсынады. Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ғаламдық желінің маңызды элементі бола алады. Біздің барлығымыз Ауғанстаннның орнықты және тұрақты дамуын қалаймыз. Орталық Азия өңіріндегі және жалпылама әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік бұл елдегі жағдайдың қалыпқа түсуіне байланысты", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Ауғанстанды ШЫҰ кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерге, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, соның ішінде "ШЫҰ-Ауғанстан" байланыс тобы желісі бойынша, белсендірек тарту маңызды. "ШЫҰ мен Ауғанстанның терроризммен, есіркінің заңсыз айналымымен және ұйымдасқан қылмыспен күрес проблемалары жөніндегі іс-қимыл жоспарын тиімді іске асырудың маңызы өте зор", - деді Елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны