15.06.2007, 18:04 3024

ШЫҰ кеңейту туралы мәселені көтеру ерте - қазақстандық сарапшылар

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымын кеңейту туралы мәселені көтеру ерте. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы форумының екінші отырысында ШЫҰ қазақстандық ұлттық зерттеу орталығы болып табылатын Халықаралық жаңа саясат институтының бас директоры Бектас Мұхамеджанов мәлім етті.

"Қазақстандық сарапшылардың пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымын кеңейту туралы мәселені көтеру ертерек, себебі көптеген ұйымдастыру мәселелері әлі өз шешімін таппаған, ал жаңадан қосылған елдер құрылымның күрделілене түсуіне әкеп соқтырады",- деп атап өтті Б. Мұхамеджанов.

Халықаралық жаңа саясат институты төрағасының пайымдауынша, ұйымды кеңейту туралы мәселе кезең-кезеңмен шешілуге тиіс. "Бақылаушы елдірдің мәртебесін нақтылап, сосын келіссөздер бойынша серіктес елдердің мәртебесін пәрмендендіру қажет, осыдан кейін ғана Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелік туралы мәселеге көшуге болады",- деп түсіндірді ол.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысының орынбасары Владимир Захаров өз кезегінде, "Шанхай ынтымақтастығы ұйымын кеңейту туралы мәселе бұрынғыдай өзекті болып табылады", деп атап көрсетті. "Ирине, бірқатар мемлекеттер Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше лікке өту туралы өтініш білдірді, әзірге ол елдерді атайтын мерзім жеткен жоқ. Біріншіден, бұған келісім керек. Екіншіден, бұл өтініштерді қарау процессі әлі аяқталған жоқ",- деп хабарлады ол. "Келешекте ұйымның кеңейтілуі мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды", деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны