23.05.2008, 18:14 3000

ШЫҰ мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері Пекин Олимпиадасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі

ШЫҰ мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері Пекин Олимпиадасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі

Бішкек. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қытайдың арнайы қызметтері Пекин Олимпиадасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл туралы "Ала арша" мемлекеттік резиденциясында ТМД елдерінің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұрат Суталинов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы қызметтерінің өкілдері діни экстремизм арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, халықаралық лаңкестік топтардың Орта Азия елдерінің шекаралары арқылы болуы мүмкін бұзуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бішкекте ТМД елдерінің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының кеңесінің 24-отырысы өткен. Отырысқа Изербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мен Украинаның делегациялары келіп қатысқан.

"Кездесуде биологиялық терроризм оқиғаларын анықтау және жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, қылмыстық табыстарды заңдастырумен күрес пен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу проблемалары талқыланды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру, арнайы қызметтердің ақпараттық өзара ісқимылдары мен өзге де ұйымдастыру мәселелері талқыланған болатын.

Қауіпсіздік органдары жетекшілерінің кеңесінің отырысында ТМД антитеррорлық орталығының 2005 - 2007 жылдарға арналған халықаралық терроризммен және экстремизмнің басқа да күш көрсететін түрлерімен күрес бойынша ТМД мүше мемлекеттерінің ынтымақтастығы бағдарламасын орындау қорытындысы шығарылды. Тараптар Қауіпсіздік органдары жетекшілерінің кеңесінің кезекті отырысын 2008 жылдың күзінде Арменияда өткізу жөніндегі келісімге қол жеткізді.

ТМД мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының кеңесі халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін қвуіпсіздік пен арнайы қызмет органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру және өзара ықпалдасу мақсатында ТМД мемлекеттерінің басшыларының кеңесінің шешімімен құрылған. Мемлекет басшылары кеңесті құру жөніндегі шешімге қол қойған 10 мемлекеттің қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының басшылары Қауіпсіздік органдары жетекшілерінің кеңесіне мүше болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны