12.10.2006, 09:52 3202

СІМ бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 12 қазан . Kazakhstan Today. Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Астанада Қазақстандағы Польша республикасының елшісі Владыслав Соколовскиді қабылдады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Польшаның түрлі саладағы ынтымақтастығы мәселесі талқыланды. Сауда экономикалық қарым-қатынастың келешегі бар бағыттарын кеңейту туралы да мәселе қозғалды. Саяси диалогты нығайту мәселесіне тоқталған дипломаттар жоғары деңгейде кездесу өткізу мақсатында екі елдің сыртқы істер ведомствалары арасында кеңес беру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Күндіз үкімет басшысы бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Норвегия СІМ мемлекеттік хатшысы Кьетил Скуграндпен болған кездесуде дипломаттар екі жақты қарым-қатынасты, оның ішінде экология, энергетика саласында , жаhандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселелерін одан әрі дамытуды талқылады. Тараптар белгілі салаларда, атап айтқанда, энергетика саласында ынтымақтастықты дамытудың келешегі барын атап өтті.

Қазақстанның Орталық Азиядағы орнының ерекшелігіне тоқталған К. Скугранд Норвегияның іскер ортасының қазақстандық әріптестерімен тығыз қарым-қатынас жасауға ықтияр екендігін жеткізді.

Біздің елдің ЕО ынтымақтастығы жөніндегі мәселе ЕО жаңадан тағайындалған Орталық Азия елдері бойынша Арнаулы өкілі Пьер Морелмен талқыланды. Қ.Тоқаев Қазақстанның Еуропалық одақпен арадағы серіктестіктің дамуын қолдайтындығын растады, бұл біздің елдің сыртқы саяси басымдықтарының бірі. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанның Орталық Азиядағы ролі мен салмағын ескере отырып, Еуропалық одақпен осы аймақтың арасындағы қарым -қатынасты дамыту бағыттарының мүмкіндігі мен болашағы тұрғысындағы ойымен бөлісті.

Сондай-ақ , ҚР СІМ жаңадан тағайындалған Нидерландының елшісі Клаас ван дер Темпелді қабылдады. Қ. Тоқаев Голландия дипломатын жаңа жұмысымен құттықтап, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны