29.01.2008, 18:42 3084

СІМ Қазақстанның сыртқы саясатта ұлығаусар табыстарға жеткендігін атап өтуде

СІМ Қазақстанның сыртқы саясатта ұлығаусар табыстарға жеткендігін атап өтуде

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - СІМ Қазақстанның өткен жылы сыртқы саясатта ұлығаусар табыстарға жеткендігін атап өтуде. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің бүгін өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Тәжин атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы алғанда 2007 жылғы сыртқы саясаттың күн тәртібі табысты атқарылды", - деді М. Тәжин. "Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы секілді халықаралық ұйымдар мен аймақтық бірлестіктердегі ролі мен беделін көтерудегі, сондай-ақ, Қазақстанның көп жақты дипломатияның аймақтық орталығына айналудағы оңды ілгерілеушіліктер дау тудырмаса керек", - деді министр.

Оның айтуынша, 2007 жылы министрлік ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту, аймақтық интеграцияны дамыту, сыртқы экономикалық іс-қызметті үйлестіру және Қазақстанның ғаламдық экономикаға кірігуіне қатысты жұмыстарды одан әрі жалғастырды.

Атап айтсақ, М. Тәжиннің сөзіне қарағанда, өткен жылы Ресеймен одақтастық қарым-қатынастар қарқынды дамыды. "Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және үкімет басшыларының арасындағы жоғары деңгейдегі сенімділік пен белсенді байланыстардың арқасында біздің көп жақты ықпалдастығымыздың аясы кеңейтіп, отын-энергетика саласындағы әріптестік, транзиттік-транспорттық әлеуетті көтеру салаларында жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілді", - деді ол.

СІМ бұған қоса қытай мен АҚШ-пен арадағы стратегиялық әріптесткетің нығая түскенін де атап өтуде. "Кейінгі жылдары АҚШ жағымен арадағы диалогты дұрыс жолға қооюдың нәтижесінде біз Конгресс пен АҚШ әкімшілігінде елімізде болып жатқан оқиғалардың объективтілігін артықша түсінуге мүмкіндік жасай алдық", - деді М. Тәжин.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, "Еуропалық Одақпен ықпалдастыққа жаңаша серпін берілді". "Астанада өткен "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі бірінші кездесуде "Астана процессі" атауына ие болған жоғары деңгейлі диалог бастау алды, соның нәтижесінде Еуропалық Одақтың маусым айында біздің өңірмен "Жаңаша әріптестік стратегиясын" қабылдауына жағдай жасалды", - деді министр.

Министр сонымен бірге "Орталық Азия бағытындағы саясаттың да біршама пәрмендене түскенін" атап өтті. "Ағымдағы жылы өңір елдерімен екі жақты ынтымақтастықтың экономикалық құрамды бөлшегі үздіксіз өсе түсті", -деді ол.

"Президенттің Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ішкі саясатының дұрыстығын тағы бір рет мойындаудың белгісі болып табылатын аса маңызды оқиға - ЕҚЫҰ СІМК-нің Мадридтегі шешімі болды", - деді М. Тәжин.

"Астананың ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі болашақ мәртебесі Қазақстанға ғаламдық күн тәртібі бойынша шешімдер қабылдау процессіне белсене атсалысуға мүмкіндік беріп, қауіпсіз, тұрықты әрі болжамды Орталық Азия құруда маңызды факторға айналып, транзиттік-транспорттық дилогты дамытуға, өңірлік интеграциялық бастамаларға қосымша серпін беруге әсер етеді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны