18.02.2008, 18:57 2871

Сингапур президенті Селлапан Рама Қазақстанның табыстарына жоғары баға берді

Сингапур президенті Селлапан Рама Қазақстанның табыстарына жоғары баға берді

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін". - Сингапур президенті Селлапан Рама Қазақстанның қысқа мерзімде қол жеткізген табыстарына жоғары баға берді, деп хабарлайды агенттік ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сингапур президенті Селлапан Рама Қазақстанның тарихи қысқа мерзімде қол жеткізген табыстарына жоғары баға бере отырып, елді экономикалық және саяси тұрғыдан реформалауда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші роль атқарғанын атап өтті. Бұл туралы Сингапур президенті 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың сенім грамотасын қабылдау рәсімінде айтты", -делінген СІМ таратқан хабарламада.

Р.С.Натан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы Сингапурға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға үлкен серпін бергенін жеткізді. Аралдағы мемлекеттің басшысы "маңызды геосаяси орындағы әрі ірі энергия экспорттаушы ел ретінде Қазақстанның сындарлы әрі тепе-тең сыртқы саясат жүргізіп отырғанын" атай келе, Қазақстан мен Сингапур арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда ауқымды әлеует бар екеніне баса назар аударды.

Сұхбат барысында Қазақстан елшісі Сингапур перзидентіне мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты биылғы жолдауының басты қағидалары жайында әңгімелеп берді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешек бағыттары жайлы талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны