06.05.2009, 17:17 3205

Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің кеңесшісі, генерал Джеймс Джонспен және энергетика министрі Стивен Чумен келіссөздер жүргізді

Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің кеңесшісі, генерал Джеймс Джонспен және энергетика министрі Стивен Чумен келіссөздер жүргізді

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 4 мамырда Вашингтонға сапарының бірінші күні АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, генерал Джеймс Джонспен және Энергетика министрі Стивен Чумен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, АҚШ президентінің кеңесшісі Джеймс Джонспен өткен келіссөзде ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері көтерілді.

М.Тәжин жоғары деңгейдегі саяси диалогтың белсенді түрде жүріп жатқанына көңілі толатынын білдіріп, оны институттар құру арқылы дамыту қажет екенін айтты.

Генерал Джонс АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық рөлін түсінетіндігін атап өтті. Ол, әсіресе, еліміздің Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды жақсарту бойынша халықаралық қауымдастықтың шараларына қосқан зор үлесін атап өтіп, одақтың ұшақтарына Ауғанстанға ұшып бару үшін өз әуе кеңістігін беріп отырғанына алғысын білдірді.

Тараптар Елбасының Қазақстан аумағында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру жөніндегі бастамасы туралы пікір алмасты. Осыған байланысты Дж. Джонс: "оны жүзеге асыру халықаралық қауымдастыққа оң әсер ететін болады" - деді.

Сол күні Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Энергетика министрі Стивен Чумен кездесіп, ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қару таратпау режимін нығайту, қайта қалпына келетін қуат көздері саласында бірлесіп іс-әрекет етудің перспективалары талқыланды.

С.Чудың мәлімдеуінше, Қазақстанға қатысты маңызды жайттардың бірі "елдің ядролық қарудан бас тартуы, бұл халықаралық қауымдастық үшін үлгі аларлық ұстаным" болмақ.

Министр американдық компанияларадың, әсіресе, 11 млрд АҚШ долларынан астам қаржы құйған мұнай компанияларының, мемлекеттің қалыптасуы мен ұлттық экономиканың дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы М.Тәжин АҚШ-тың жаңа әкімшілігі үшін ғаламдық жылынумен күрес басым бағыт екенін ескере отырып, басты назарды қайта қалпына келетін қуат көздерінен тұратын, энергетиканың ғылымды көп қажет ететін саласына кіші және орта бизнесті тартуға аударды.

Иңгіме соңында министр диалогты белгілі бір түрде жүргізіп отыру үшін энергетикалық серіктестік жөніндегі үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.

Сол күні кешке М.Тәжин беделді сараптау институтына саналатын Сыртқы саясат жөніндегі кеңесте "Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттары" атты тақырыпта баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны