Система Orphus

Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 7 мамырда ГФР-ға жұмыс сапарымен барады

30.04.2009, 14:59 4187

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 7 мамырда ГФР-ға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, министр Германия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Франк-Вальтер Штайнмайермен кездеседі.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, ғаламдық және аймақтық даму мен қауіпсіздік, Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясының жүзеге асырылуы, сондай-ақ, еліміздің ЕО және ЕҚЫҰ-мен бірлесіп іс-әрекет ету перспективаларын талқылау көзделуде.

"Бұл сапар екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сыртқы саяси ведомстволарының арасында сындарлы байланыстарды жалғастыру, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдармен ой бөлісу үшін маңызды болғалы отыр",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны