19.06.2007, 17:12 2859

Сыртқы істер министрі Үндістанның, Оман Сұлтандығының және Польшаның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

АСТАНА. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Үндістанның, Оман Сұлтандығының және Польшаның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Марат Тәжин Үндістан елшісі - Ашока Саджанхарды, Оман Сұлтандығының елшісі Ахмад Бен Насер Аль-Махравиді, Польша Республикасының елшісі Павель Чеплакты, сондай-ақ Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің үйлестіруші резиденті Хаолянь Шуды қабылдады.

"Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы шетелдік дипломаттарды жаңадан тағайындалуларымен құттықтай отырып, олармен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ұйым аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны