09.02.2007, 18:48 3033

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны