19.03.2009, 18:54 2970

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдердің басшылары мен құрметті консулдардың кеңес-семинары өтеді

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдердің басшылары мен құрметті консулдардың кеңес-семинары өтеді

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сыртқы істер министрлігінде 20 наурызда Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдер басшыларының, шет мемлекеттердің Құрметті консулдарының және еліміздің министрліктер мен мекемелердің қатысуымен алғашқы рет кеңес-семинары өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Семинар барысында консулдық мәселелер, әсіресе шет мемлекеттердегі біздің азаматтарымыздың және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау, визалық режимнің либерализациясы, құқықтық базаны одан ары дамыту, көші-қон құбылысын басқару мәселелері талқыланады. ЕО мемлекеттерімен Қазақстан азаматтарына визалық режимді жеңілдету мәселесіне айрықша көңіл аударылып, консулдық проблемалар кеңінен талқыланбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны