28.08.2006, 17:27 2995

Сыртқы саяси ведомстволар Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне лайықты екенін дәлелдейтін айғақтар келтіруде

АЛМАТЫ. 28 тамыз. Kazakhstan Today. Франсс пресс басылымы Еуроодаққа мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстваларына сілтеме жасап, Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге лайықты екендігін дәлеледейтін айғақтарды келтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Басылым, "Қазақстанның тапсырысы қабылдауны қажет, оған көптеген маңызды себептар бар",-деп жазады. Ақпарат көзінің пікірінше,Қазақстанның Орталық Азиядағы стартегиялық орны артып келеді, Қазақстан осы аймақта "тұрақтылықтың тұғыры" болып табылады. Оған қоса, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының принциптері мен стандарттарын орындауға ынталы екенін байқатып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері "түбегейлі өзгеріс жолында қыруар жетістікке жетті". Бұл көппартиялы парламент жүйесінің енгізілуі, заң саласындағы реформалар, қылмыс жүйесіндегі гуманизм, діни бостандық, азшыл ұлттардың құқығын қорғау, босқындарға байсалдылықпен қарау, есірткімен күрестегі жетістіктер, т.б . Ал, Қазақстанның тапсырысы кері қайтарылса, немесе, 2011 жылға шегерілсе, елдің Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан ірге ажыратып, алшақтап кетуіне әкеп соғуы мүмкін, дейді басылым. Мұндай шеттетудің салдарынан Еуропа және трансатлантика елдерінің Орталық Азия елдерімен арасындағы қарым-қатынасына сызат түседі. Мұндай жағдайдан кейін Қазақстан мен оның көршілері, Еуроодақ пен трансатлантикалық серіктестерін ығыстыратын әріптестікке көшуі ықтимал, делінген хабарламада. "Қазақстанның ұсынысын қолдамау Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясында проблемалар тудырады. Өтінішті қабылдамауға байланысты тәуекелдер біздің аймақтағы саясатымыз бен ұйымның өзі үшін өзге жағдайлардан салмағы ауыр болмақ", деп көрсетілген мәтінде.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету туралы өтініші 2006 жылдың соңында, ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны