03.09.2007, 13:56 1476

Словакия Қазақстанмен ядролық медицина саласында ынтымақтастық орнатудан үміттенеді - ҚР Словакияның елшісі

Словакия Қазақстанмен ядролық медицина саласында ынтымақтастық орнатудан үміттенеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. КУРЧАТОВ. Словакия Қазақстанмен ядролық медицина саласында ынтымақтастық орнатудан үміттенеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының ядролық медицинасы" ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйлеген Словакияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Душан Подгорский мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Мен Словакия мен Қазақстанның ынтымақтастығындағы негізгі екі міндетті көріп отырмын: бұл ядролық медицина саласындағы ынтымақтастық пен Тернава ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы қатынасты жақындастыру",- деді Д. Подгорский.

Ол, Славакия астанасынан 10 шақырымда орналасқан Тернава "Шығыс Қазақстан облысымен егіздің сыңары" болып табылатындығын түсіндіріп өтті. "Онда бұрынғы Чехославакия аясындағы бірінші АЭС құрылған, онда Дунай өзенінде ірі СЭС орналасқан, онда ірі көлік жасау өндірісі бар... Және біз Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 20-22 қарашасы аралығында елімізге жасайтын бірінші тарихи мемлекеттік сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Тернава арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз деп есептеп отырмыз",- деді.

Кейінірек Душан Подгорский агенттік тілшісіне берген сұхбатында, "Словакия мен Қазақстан ядролық медицинаның радиофармпрепараттар шығару және радионуклидтік диагностика сияқты саласында тығыз ынтымақтастық жасай алатындығын" нақтылап өтті.

"Біздің елімізде радионуклидтік диагноз қою тәжірибесі кең тараған, ядролық медицинаның осы бағытының көмегімен 14 мыңға жуық адам тексеруден өткен. Біз осы саладағы өз тәжірибелерімізді Қазақстанмен бөлісе аламыз, себебі онкологиялық ауруларды анықтау сіздердің ел үшін айтарлықтай өзекті мәселе",- деп атап көрсетті елші.

Ол, сондай-ақ Тернавада АЭС базасында атом станциясы үшін мамандар дайындау жөніндегі екі тренажер жұмыс істейтіндігін еске сала кетті. "Біз егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса сіздерге біздің Тернавадағы базада өз мамандарыңызды дайындауға көмегімізді ұсынамыз, немесе Қазақстанда осы тектес тренажер құруды кеңес етеміз",- деді Душан Подгорский қорытынды сөзінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны