29.03.2010, 17:58 3301

Словакия президенті Иван Гашпарович Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Словакия президенті Иван Гашпарович Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Астанаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Словакия президенті Иван Гашпарович келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында Словакия президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі бойынша және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар тұрғысында ел басшылығымен келіссөздер жүргізетін болады.

Сондай-ақ бұл сапар барысында екі елдің іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді. Сонымен бірге екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Словакия делегациясы Алматыда да болады деп күтілуде.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан 2009 жылы Қазақстан мен Словакция арасындағы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларынан асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны