11.11.2009, 17:05 3015

Словения президентінің пайымдауынша, бүгінде ЕҚЫҰ оған мүше елдердің мүддесін толық қорғай алып отырған жоқ

Словения президентінің пайымдауынша, бүгінде ЕҚЫҰ оған мүше елдердің мүддесін толық қорғай алып отырған жоқ

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Словения президентінің пайымдауынша, бүгінде ЕҚЫҰ оған мүше елдердің мүддесін толық қорғай алып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Словения президенті Данило Тюрк Ақордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің пайымдауымызша, ЕҚЫҰ өз қанатының астындағы барлық елдердің мүддесін паш етуге тиіс. Ал ЕҚЫҰ-да көптеген жылдар бойы ұйым кеңістігінің еуропалық бөлігінің елдерін толғандыратын мәселелер ғана көп жағдайда басым түсіп келді",- деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын қолдайтынын тағы бір рет атап өтті. "Словения көп жылдар бойы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығын қолдап келді. Бұл біз үшін тосын оқиға емес, біз оны көп жылдар бойы қолдадық",- деді ол.

Словения президенті Данило Тюрк 2010 жылы Астанада өткізілуі жоспарланып отырған ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне қатысуға ниетті екенін де атап өтті.

"Соңғы саммиттен кейін 10 жыл өтті. Біз Қазақстан басшысының 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін шақыру туралы идеясын қолдаймыз. Мен Астанадағы сол саммитке келіп, оның жұмысына қатысатын боламын", деді Д. Тюрк бүгін Ақордада Елбасы Н. Назарбаевпен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны