09.11.2009, 16:45 2805

Словения Республикасының президенті Данило Тюрк Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Словения Республикасының президенті Данило Тюрк Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Астанаға 11-12 қарашада Елбасының шақыруымен Словения Республикасының президенті Данило Тюрктің мемлекеттік сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағы, сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік жайы сөз болып, бірқатар ортақ құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Сапар шеңберінде Словения президенті қазақ-словения бизнес-форумына қатысып, еліміздегі бір жоғары оқу орнында дәріс оқиды деп күтілуде",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны