26.04.2010, 17:37 3139

Солтүстік Атлантикалық альянс Бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ бойынша арнайы өкілі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Солтүстік Атлантикалық альянс Бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ бойынша арнайы өкілі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Атлантикалық альянс Бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ бойынша арнайы өкілі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Солтүстік Атлантикалық альянс Бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ бойынша арнайы өкілі Роберт Симмонс 27 және 28 сәуірде Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Сапар бағдарламасына сәйкес Роберт Симмонс бірқатар мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер өткізіп, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жанындағы Искери институттың "Бейбітшілік үшін серіктестік" оқу орталығы жұмысымен танысады және Еуразиялық медиа форумға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны