05.02.2007, 15:55 2806

Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі арнаулы өкілі елімізге келеді

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. 6-7-ақпанда Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі арнаулы өкілі Роберт Симмонс жұмыс сапарымен Астанада болады.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елшінің айтуынша, сапар аясында Р.Симмонс бірқатар министрліктер мен мекемелердің, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесі, төтенше жағдайлар министрлігі, қорғаныс министрлігі мен сыртқы істер министрліктерінің басшылығымен екі жақты келіссөздер жүргізеді. "Кездесулердің мақсаты - Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты ағымдағы мәселелерді талқылау",- деді ол.

Сапар аясында Р.Симмонс парламент мәжілісі мен сенатында да бірқатар кездесулер өткізеді. Сапар бағдарламасында сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде болып, осы оқу ордасының оқытушы-студенттерімен кездесу де жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны