07.02.2007, 16:27 2722

Солтүстік Атлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы серіктестік іс-шараларының жеке жоспары жаңа ұсыныстармен толықтырылады - альянс өкілі

АСТАНА. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Солтүстік Атлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы серіктестік іс-шараларының жеке жоспары Солтүстік Атлантикалық альянс бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ елдері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Симмонстың Қазақстанға сапары барысында айтылған жаңа ұсыныстармен толықтырылады. Бұл туралы Р. Симмонс бүгін Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен жүргізген келіссөзден кейін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сапар барысында екі ел тарапынан да жаңа ұсыныстар айтылды, енді біз осы ұсыныстарды аталмыш бағдарламаға "қамтуға" тырысамыз",- деді Р. Симмонс.

"Солтүстік Атлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы серіктестік іс-шараларының жеке жоспары қабылданғаннан бері, міне, бір жыл өтті, сондықтан да наурыз айында оның орындалу барысын бағаламақпыз",- деді Солтүстік Атлантикалық альянстың арнайы өкілі.

Солтүстік Атлантикалық альянс өкілі, өзінің осы сапары Қазақстан үкіметіндегі басты министрліктердегі жаңа тағайындауларға негізделгендігін атап өтті. "Сіздің президент жуықта Солтүстік Атлантикалық альянспен жақсы ынтымақтастық жасап отырған ведомстволарға жаңа министрлерді тағайындады. Мен республикаға сол тұлғалармен жекелей танысуға және де біздің серіктестігімізді одан әрі нығайтуға келдім",- деді Р. Симмонс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны