10.06.2008, 15:45 2806

Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясы Қазақстан парламентімен ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі

Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясы Қазақстан парламентімен ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясы Қазақстан парламентімен ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі. Бұл туралы бүгін Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Жозе Лелло Қазақстан парламенті сенатының төрағасымен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Қазақстан парламентімен жақын байланыстар орнатып, жан-жақты белсенді диалог жүргізу үшін келдім", - деді Ж. Лелло.

Ол "Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды ел екенін" атап өтті. "Сіздер осы өңірдегі елдерден көптеген бағыттар бойынша ерекшеленесіздер", - деді ол.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде "Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясында бақылаушы мәртебесі бар Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет екенін" атап өтті. "Біз бұл жайтты мақтан тұтамыз. Біз көптеген бағыттар бойынша сіздің ұйыммен ынтымақтастықты дамыту үстіндеміз", - деді ол.

"Қазақстан парламенті мен Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының өзара байланысының маңызы зор. Бұл өзара тиімді ынтымақтастық болады деп ойлаймын", - деді Қ. Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны