09.06.2008, 17:16 2820

Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Жозе Лелло Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті алғаш рет 9-12-маусымда Қазақстанға ресми сапармен келеді ", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сапар барысында Ж. Лелло ел басшылығымен жүздеседі деп жоспарланған. "Кездесулер барысында Ауғанстандағы ахуалдың дамуына Қазақстанның беріп отырған бағасы, өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауына байланысты Солтүстік Атлантикалық альянстың ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының келешегі секілді мәселелер талқыланады", - деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны