11.09.2006, 12:15 4151

Солтүстік қазақстандық қорықтар Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қорғалжың және Наурызым қорықтарын қамтитын "Сарыаоқа - Солтүстік Қазақстанның көлдері мен далалары" аймағы Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичирро Мацуура ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Алматы қаласының әкімі әрі ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовпен бірге "Сарыарқа" қорық аймағында болдық. Біз оны Бүкіләлемдік табиғи мұралардың тізіміне енгізу туралы мәселе төңірегінде оң шешім қабылдаймыз деп сенемін",- деді К.Мацуура.

Ол сондай-ақ ҚР СІМ-мен кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны