04.04.2012, 14:23 3152

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы БАИ бой тасалап жүр

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы кезінде ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева мен тағы да алты қазақстандық қаржы қылмыскерлері Біріккен Араб Имірліктерінде бой тасалауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы кезінде ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

"...Қазіргі уақытта Интерполдың мәліметтері бойынша Біріккен Араб Имірлігі мемлекеті аумағында қазақстандық әділ сот үкімінен қорқып, жеті қазақстандық азамат бой тасалауда. Өздеріңізге белгілі, халықтың санын жүргізу үшін бөлінген қаржыны талан таражға салған, қылмыстық ісі бойынша келтірген зиян көлемі 758 млн теңгені құрайтын статистика агенттігінің бұрынғы басшысы сонда болып шықты. Сондай-ақ, "Қыпшақ" ТК салу кезінде Астанада 500 млн теңгені қымқырған "Какаду" ЖШС бұрынғы директорының да осы елде екендігі белгілі болды. Халықаралық іздеуде жүргендерге қатысты араб мемлекетіне оларды ұстап беру туралы талаптар жіберілген болатын. Алайда, осы талаптар күні бүгінге дейін қаралған жоқ. Ресми емес деректер бойынша, біз мәселе осы келісім ратификацияланғаннан кейін қаралады деген ақпарат алдық", - деді И.Меркель ҚР мен БАИ арасындағы қылмыскерлерді беру туралы өзара келісім жөніндегі заң жобасы туралы жасаған баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны