30.06.2008, 14:53 2835

Суға байланысты зілзалаларды азайту жөніндегі халықаралық конференция қорытындысы бойынша Душанбе Декларациясы қабылданды

Суға байланысты зілзалаларды азайту жөніндегі халықаралық конференция қорытындысы бойынша Душанбе Декларациясы қабылданды

Душанбе. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Суға байланысты зілзалаларды азайту жөніндегі халықаралық конференция қорытындысы бойынша өткен сенбіде Душанбе Декларациясы қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Конференцияға қатысушылар декларацияда "тасқын, қуаңшылық, лай көшкіндер, циклондар секілді суға байланысты зілзалалардың жиілей түсуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, табиғи зілзалалардан зардап шеккен халықтар мен қауымдарға көңіл айтты.

"Біз Душанбе Декларациясы зілзалаларды азайту жөніндегі 2008 жылғы халықарлық Давос конференциясы мен 2009 жылғы Бүкіләлемдік 5-ші су форумының, сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысының назарына ұсынылып, ұлттық және халықаралық бас қосуларда ілгерілетіле түсуін қолдаймыз", - делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны