19.05.2008, 19:29 2861

Таяу жылдарда ШЫҰ-ына мүше елдердің тауар айналымы 70 млрд доллардан асуы мүмкін - ҚР СІМ

Таяу жылдарда ШЫҰ-ына мүше елдердің тауар айналымы 70 млрд доллардан асуы мүмкін - ҚР СІМ

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Таяу жылдарда ШЫҰ-ына мүше елдердің тауар айналымы 70 млрд доллардан асуы мүмкін. Бұл туралы бүгін "Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі заманғы моделі" атты дөңгелек үстел барысында ҚР сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2007 жылы ұйымға мүше елдердің тауар айналымы $50 млрд асты, ал таяу жылдарда ол 70 млрд доллардан асуы мүмкін ", - деді Н. Ермекбаев.

Оның айтуынша, "бұл көрсеткіштер ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың, атап айтсақ, ауылшаруашылығы, машина жасау, мұнайгаз өнеркәсібі мен жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін паш етеді".

"Келешекте өңірлік еркін сауда аймағын құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды",- деді вице-министр.

"ШЫҰ өзінің іс-қызметі аясын қауіпсіздік проблемаларынан сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қарай кеңейтуге бетбұрды, Шанхай жүйесін дамытудың логикасы осыған саяды", - деді Н. Ермекбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны