29.12.2011, 14:59 3746

Талдықорғандық "Қайнар" аккумулятор зауытының еңбек ұжымы "Ақ жол" ҚДП құрамына кірді

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Азат Перуашев "АҚ ЖОЛ" партиясының үкімет пен парламент алдындағы көтеретін бірінші кезектегі мәселелерін айтып өтті, негізінен бағалардың өсуі, азаматтардың табысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берген.

Талдықорған. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Талдықорғандық "Қайнар" аккумулятор зауытының еңбек ұжымы "АҚ ЖОЛ" партиясымен кездесуден кейін партия қатарына мүшелікке өтуге мүдделік танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Құрамында партия төрағасы А.Перуашев, олимпиада чемпионы Б.Сәрсекбаев, "Қазгранит" компаниясының президенті А.Ибілдаев, "Жас маман" жастар қозғалысының көшбасшысы Е.Ілиясов, Алматы облысының кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Н.Жазылбеков, партияның аймақтық активі бар "АҚ ЖОЛ" партиясының Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында бірқатар сайлауалды іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, Орталық Азия мен ТМД аумағындағы ірі деген электротехникалық өндірістік компаниялардың бірі - Талдықорғандық "Қайнар" аккумулятор зауытының еңбек ұжымымен кездесу болды",- деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Азат Перуашев "АҚ ЖОЛ" партиясының үкімет пен парламент алдындағы көтеретін бірінші кезектегі мәселелерін айтып өтті, негізінен бағалардың өсуі, азаматтардың табысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берген.

Сондай-ақ, кеңесте кәсіпкерлер құқығының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық және күштеп алушылық, сот шешімдерінің даулылығы сұрақтары талқыланды. Кездесуге келген көлік кәсіпорындарының өкілдері сандық тахографтардың енгізілуімен орын алған жағдай жөнінде айтты. Кәсіпкерлер пікірінше, көлік ведомствасы өкілдері мен тасымалдаушылар арасында келісілген шараларды қабылдау туралы байланыстың болмауы тасымалдаушы-лар тарапынан мәжбүрлі құқық бұзушылықтардың көбеюіне әкеліп соғып, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасалып отыр.

Сөз барысында "АҚ ЖОЛ" партиясының осы мәселеге қатысты Көлік және коммуникация министрлігімен пікірталас жүргізіп жатқандығы анықталды, министрлік тарапынан ресми жауап та келген және қазіргі уақытта партияның Бас прокуратураға үндеуі дайындалуда. Азат Перуашев айтып өткендей, "еркін бизнес-климаттың қалыптасуы - партияның сай-лауалды тұғырнамасының маңызды бөлігі және осы бағыттағы партияның басты міндеті - қордаланып қалған мәселелерді шешу және бизнеспен айналысу үшін қалыпты жағдай жасау".

"Ақжолдықтар" сайлаушыларды алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, партияның Республикалық сайлауалды штабының мүшелері ағымдық үгіт-насихат жұмыстары, байқаушылар жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша аймақтық үйлестірушілермен жұмыс кеңесін өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны