19.03.2012, 11:17 2706

Талғат Ибдіжаппаров "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жаңа орынбасар партиялық жаңғырту, парламенттік фракция мен Орталық аппараттың және өңірлік филиалдардың қызметін үйлестіру мәселелерімен айналыспақ. Партия төрағасы Азат Перуашевтің сөзінше, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның демократиялық партиясы өзін беделді, белсенді әрі толыққанды саяси күш ретінде көрсетті. Осы орайда ол жаңа тағайындау жаңғырту қарқынын арттыруға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - "Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасының жаңа орынбасары болып партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Ибдіжаппаров бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл шешім 16 наурызда Астанада партияның Орталық кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлады "Ақ жол" баспасөз қызметі.

Жаңа орынбасар партиялық жаңғырту, парламенттік фракция мен Орталық аппараттың және өңірлік филиалдардың қызметін үйлестіру мәселелерімен айналыспақ. Партия төрағасы Азат Перуашевтің сөзінше, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның демократиялық партиясы өзін беделді, белсенді әрі толыққанды саяси күш ретінде көрсетті. Осы орайда ол жаңа тағайындау жаңғырту қарқынын арттыруға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Т. Ибдіжаппаров үйленген , үш баласы бар. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны