09.03.2010, 18:30 3132

Таллинде Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді

Таллинде Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Таллинде 9 және 10 наурызда экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас қосу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы, соның ішінде ақпараттық технологиялар, білім беру, ғылыми зерттеулер, мәдениет, денсаулық қорғау, туризм, қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерінің транзиті секілді мәселерді талқылайды.

Келіссөздерде қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ал эстондық жақты - экономика және коммуникациялар министрі Юхан Партс бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны