18.08.2006, 11:06 2767

Тамыздың аяғында Жапония үкімет басшысы Өзбекстанға ресми сапармен келеді

ТАШКЕНТ. 18-тамыз. Kazakhstan Today. 28-тамызда Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми Өзбекстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Өзбекстандағы Жапония елшілігінен хабарлады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Жапония үкімет басшысы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен жүздеседі.

Бұл Д.Коидзумидің Орталық Азияға жасағалы отырған тұңғыш сапары, деп хабарлайды елшілік.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-30-тамыз аралығында ол сондай-ақ Қазақстанға да келіп, мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылап, халықаралық проблемалар туралы пікір алмасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны