24.04.2008, 17:39 3163

Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері басшыларының кездесуі өтті

Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері басшыларының кездесуі өтті

Тараз. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктерінің басшылары Бауыржан Мұхаметжанов пен Молдомус Конгантиевтің кездесуі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Екі жақ шекаралық аумақтардың қауіпсіздігі, еңбек миграциясы және есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу кезінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар министрліктердің басшылары Жамбыл облысында жуырда ашылған шұғыл (ШБО)басқару орталығының жұмысымен танысып қайтты. Орталық "02" номері арқылы келіп түскен барлық ақпаратты қабылдап, қаланың түрлі аудандарында болып жатқан жағдайларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Б. Мұхаметжанов жалпы облыстағы ішкі істер саласында жасалып жатқан ілгерілеушіліктерге көңілі толып, ШБО жұмысына қанағаттанды.

"Барлық полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз. 2007 жылдың қорытындысы бойынша, сіздер аймақтың қауіпсіздігі үшін жақсы жұмыс атқардыңыздар ", - деді ол баспасөз мәслихаты кезінде.

Қырғызстан және Қазақстанның ішкі істер органдарының басшылары қысқаша түрде бірлесіп атқарылатын жұмыс жоспарымен тыныстырды. Оның негізгісі шекара аймақтарының қауіпсіздігін күшейту, еңбек миграциясы және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жұмыстарына байланысты болады.

Бүгінгі күні қалалық полиция бөлімдеріне жаңа көліктер тапсырылып, екі мемлекет өкілдері арасында заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі келісімге қол қойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны