30.11.2012, 16:52 6424

Ташкентте Қазақстан және Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысы өз жұмысын бастайды

Түске дейін Қ.Көшербаевтың ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Рустам Изімовпен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар екі елдің өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелерін талқылады.

Ташкент. 29-қараша. Kazakhstan Today - Ташкентте Қазақстан және Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан астанасына Қазақстаннан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған делегация келді.

Түске дейін Қ.Көшербаевтың ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Рустам Изімовпен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар екі елдің өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелерін талқылады.

Одан кейін екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия сарапшыларының отырысы басталды, одан кейін үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысының ресми ашылуы жоспарлануда.

Күн тәртібіне инвестиция тарту, теміржол көлігі мен азаматтық авиация, электр-энергетикалық сала, су саласы және тағы басқалар сияқты екіжақты қарым-қатынастың бірқатар маңызды мәселелері шығарылды.

Қазақстан Республикасы кедендік статистикасының мәліметтерінше, 2012 жылдың 9 айы бойынша Қазақстанның Өзбекстанмен тауар айналымының көлемі 1 млрд. 497,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға көп (1 млрд. 346,1 млн. АҚШ доллары).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны