07.09.2009, 16:46 2862

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ташкент қаласында 10-11 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ мүше мемлекет, үкімет басшыларының және сыртқы істер министрлерінің кездесулерінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу мәселелерін талқылайды.

Пекинде өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесіне әзірлік, сонымен қатар ШЫҰ шеңберіндегі өзге де өзекті мәселер қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны