11.06.2010, 17:04 4095

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісі ашылды

ИТАР-ТАСС хабарлауынша, саммитте Ауғанстандағы ахуал жеке пікірталасқа түседі. "Бұл елдің экономикалық және саяси ахуалын тұрақтандыру үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер нақты қандай көмек көрсететіндігі туралы мәселелер мұқият талқыланады", -деді Сергей Приходько.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің 10-шы мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

ИТАР-ТАСС хабарлауынша, саммитте Ауғанстандағы ахуал жеке пікірталасқа түседі. "Бұл елдің экономикалық және саяси ахуалын тұрақтандыру үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер нақты қандай көмек көрсететіндігі туралы мәселелер мұқият талқыланады", -деді Сергей Приходько.

Сондай-ақ тар құрамда өткетін келіссөздерде Ауғанстан саясатының аодан әрі дамуының болашағына қатысты мәселелер қаралатын болады.

Форумға қатысушылар қырғыз тақырыбын да тілге тиек етпек, бірақ бұл туралы арнайы мәлімдеме қабылдау жоспарланған жоқ.

Форумға қатысушылар сондай-ақ Ұйымға жаңа мүшелер қабылдау тәртібі туралы ережені де қабылдайды. Оны ресейлік сарапшылар әзірлеп, барлық тараптармен келісілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны