29.10.2007, 18:23 3235

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ташкентте 2 қарашада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжіліске ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен қатар, бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшылары, Ауғанстан және Түрікменстан делегациясы қонақ ретінде қатысады.

Үкімет басшылары ШЫҰ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму келешегін талқылайды.

Мәжіліс барысында 2008 жылға арналған ШЫҰ бюджеті бекітіледі, Кеден қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және ШЫҰ Банкаралық бірлестігі және Еуразиялық даму банкі арасындағы серіктестіктің негізгі қатынастары туралы меморандумга қол қойылады деп күтілуде.

Мәжіліс соңында Бірлескен коммюникеге қол қойылады.

Ал қазанның 29 мен 31 аралығында Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны