25.09.2006, 17:45 2939

Ташкентте үкіметтік өкілдер қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселесін талқылайды

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің 25-29 күндері Ташкентте қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының шегін белгілеу жөніндегі бірлескен комиссия аясында Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының жалпы мәжілісі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, мәжілістің күн тәртібінде биылғы жылдың жазында өткізілген демаркациялау жұмыстарының нәтижелері, демаркациялауға қатысты жұмыс құжаттарын әзірлеу барысы, тиісті демаркациялау карталарын әзірлеу мен шығару, қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелерін екі мемлекеттің шекара қорғау қызметтеріне уақытша тапсыруды дайындау, Сарыағаш ауданындағы Жартытөбе мекенінің маңындағы шекара аймағында өзбек бөгеттерін алу сынды мәселелерді қарастыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны